Жаңартылған білім беру аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың өзектілігі тақырыбында стейкхолдермен өткізілген коучинг
- Подробности
- Опубликовано: 01 марта 2018
Филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы жұмыс берушілермен байланыс бойынша 2018 жылы 01 наурызда Жаңартылған үлгідегі оқу жүйесі бойынша мектеп мұғалімдері 3 курс студенттеріне тәжірибе алмасу мақсатында коучинг өткізді.
Коучингті Қостанай қаласы № 8 Орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салыкова Әсел Дарияновна №1 Орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рахимова Эльмира Ерсалимовна және қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенттері өткізді.
Коучинг мақсаты: кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру.
Коучингте жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жаңа жоспар үлгілерімен (ұзақ мерзімді жоспар, орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар) үлгілері туралы мәліметтер берілді.
Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталғандықтан оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты әдіс-тәсілдер үйретілді.