"Жүректен журекке" қоғамдық жобасының аясында: "Мейірімділік-əлемді құтқарады" атты эссе сайысы
- Подробности
- Опубликовано: 26 февраля 2018
26 ақпан күні " Жүректен журекке " жобасының жетекшілері Пчелкина Т. Р жəне Матершова А.И " Мейірімділік- əлемді құтқарады " деген тақырыпта эссе сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты - студенттердің əлеуметтік белсенділіктерін маңызды қоғамдық мəселені қозғау арқылы қалыптастыру. Сайысқа 22 студент қатысты.
Студенттерге 3 тақырып ұсынылды: "Біз кімді үйретсек, соған жауаптымыз" , "Мейірімділік - жанның шуағы" , "Мейірімділік, оны əрдайым жасаған жерде көрінеді ( Қостанай мейірімділік іс - шарасын ұйымдастырушылардың əрекеттері жайлы ) ". Бірінші тақырып бойынша 8 эссе тапсырылды, екінші тақырып бойынша 11 эссе, үшінші тақырып бойынша 1 эссе тапсырылды. Тексеру барысында шығармалардың бірегейлігі, автордың бағытының түпнұсқалығы, сауаттылығы ескерілді.
Сайыс қорытындысы бойынша 1- ші орынды Нямцу Александр ( "Орыс тілі жəне адебиеті " мамандығының 1 - ші курс студенті) жəне Иржанова Дина ( "Бастауыш білім беру" мамандығының 1 - ші курс студенті). Екінші орынды Самохина Ирина ( "Орыс тілі жəне адебиеті " мамандығының 1 - ші курс студенті) жəне Сейдахметова Лаура ( "Дефектология " мамандығының 1 - ші курс студенті). Үшінші орынды Швецов Александр ( "Орыс тілі жəне адебиеті " мамандығының 1 - ші курс студенті) жəне Шапауова Айдана ("Педагогика жəне психология " мамандығының 1 - ші курс студенті ).