«Мейірімділік - асыл қасиет»
- Подробности
- Опубликовано: 01 марта 2018
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен 1 наурыз күні «Мейірімділік - асыл қасиет» деген тақырыпта кеш өткізілді. Кеш барысында алғыс айту күніне орай студенттердің арнайы қойылымы көрсетілді. Қойылым барысында, студенттер өз өнерлері арқылы мейірімділік пен адам бойындағы ізгі қасиеттерді дәріптеді. Студенттер атынан 3 курс студенті Жарбосина Махаббат Наурызбайқызы өзінің мақамды жырларымен ұстаздардың жүрегін елжіретті. Актер студентіміз Даулетхан Айбарыс өз шығармашылығынан жыр шумақтарын ұсынды.
Нышанбаева Тоғжан Нышанбайқызы әуелетіп ән салып, институт қабырғасын әнге бөлесе, Жұмабай Жанар оқытушылардан арнайы сұхбат алып, ұстаздардың кеш жайлы пікірлерін біліп, арнайы репортаж әзірледі. Кеш соңында 3 курс студенттері оқытушыларға жылы лебіздерін жүрекшедегі тілектері арқылы білдірді. Оны 5 қабаттың қабырғаларына іліп қою арқылы ұстаздар көңіліне қуаныш сыйлады.