«Барлығы үшін сізге алғыс ...» тақырыбындағы шығармалардың интернет-сайысы

2018 жылдың 26 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының шетел тілдері кафедрасының апталығы шеңберінде 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған «Барлығы үшін сізге алғыс...» тақырыбындағы шығармалардың интернет-сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты-жас ұрпақты рухани және жанұялық құндылықтарды, көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруға қабілеттендіру, сондай-ақ, алдағы уақытта облыс пен қала аумағының білім беру мекемелерімен өзара біріккен қарым-қатынас орнату.

Сайысқа  Қостанай облысының мектеп оқушылары мен ҚМПИ студенттері қатынасты. Сайысқа қатынасушылардың жасы 9 дан 21 жасқа дейін болды. Барлығы 50ден артық жұмыс сайысқа жіберілді. Жұмыстар ағылшын тілінде ұсынылды және стилистикалық, мазмұндық, шығармашылық жағынан әртүрлі болып ажыратылды. Ең бастысы шығармалардың барлығы да сүйікті мұғаліміне, анасына,жарына деген үлкен махаббат пен алғыс айтуға құрылғандығы сезіліп тұр. Шығармалардың кейбір жолдарынан үзінді:

Қостанай қ., №30 ОМ, 11 сынып оқушысы Арина Князева: - «Mother as a skillful artist decorated my happy childhood with bright cheerful colors! For me, Mom is like a saving medicine that I drink when I am ill».

Қостанай қ., №16 ОМ, 6 «А» сынып оқушысы Данияр Есимов: -  «Dear Mom, I`ll try to make you happy every day with my excellent marks, achievements, good behavior and will always help you. Thank you for all I have! Thank you for everything you do!».

Алтынсарин ауданы, Новоалексеевка ОМ, 10 сынып оқушысы Шаяхметова Лаура: - «Мom is like a scarlet flower, just as beautiful, you can admire her forever. Thank you, Mom, for what you are, and that your heart is always ready to love and forgive!».

Интернет – шығармалар байқауының қортындысы бойынша жүлделі орындар:

Мектеп оқушыларының арасында:

  • 1 орын – Бабенко Лейла (ОМ № 122, қ. Қостанай)
  • 2 орын – Князева Арина (ОМ № 30, қ. Қостанай)
  • 3 орын – Соловьева Елизавета (Горький ат.гимназия, қ.Қостанай)
  • 3 орын - Максименюк Анастасия (Таран ОМ)

ҚМПИ студенттер арасында:

  • 1 орын – Бекбусинова Алия – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 3 курс студенті
  • 2 орын – Черных Наталья - «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 3 курс студенті

Байқау жеңімпаздары мадақтау қағаздарымен, қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті «Барлығы үшін сізге алғыс ...» тақырыбындағы шығармалардың интернет-сайысы