Startup Bolashak: "Meнiң Арманым"

2018 жылдың 23-25 ақпан күндері Қостанай қаласында Startup Bolashak: "Meнiң Арманым"атты республикалық байқаудың іріктеу кезеңі өткізілді. Байқау «Болашақ» қауымдастығы және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Фондының ұйымдастырушыларымен жүргізілді. Бизнес – жобалар байқауының жүлде қоры 30 млн. теңгені құрайды.

Байқауға Қостанай облысы бойынша 200-ден астам адам өтініш берген, соның ішінен 33 проект жартылай финалға өтті. Осы жобаларды әзірлеген топтар мамыр айында Астана қаласына барады. Ал байқау жеңімпаздары қаржылай марапатталып, «Хабар» арнасындағы телевизиялық шоуының бас кейіпкері ретінде шақырылады.

Стартап байқауында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының шет тілі кафедрасының оқытушысы Жаукина Сауле Алимовна және 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» 1-ші курс студенті Темирханова Диана қатысқан болатын. «Promoting Kazakh Culture through Comics in English» жобасы бойынша іріктеу кезеңінен өтіп, бизнес-идеясының келесі кезеңі Астана қаласында республикалық деңгейде өтпек. «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» атты жобаның жеңімпазы, областық маслихат депутаты, құс фабрикасы «Жас Канат 2006» Кайрат Маишев стартап жобаның менторы болып табылады.

Стартап жобаға қатысушыларына жеңіс тілейміз!

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз