«Ілияс әлемі» дәстүрлі республикалық студент-жастар фестивалі жеңімпаздары

2018 жылдың 2 наурызында Талдықорған қаласында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Ілияс әлемі» дәстүрлі республикалық студент-жастар фестивалі өткізілді. Фестиваль аясында І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Сейфуллин өмірлері мен әдеби мұраларын насихаттау мақсатында әртүрлі номинациялар бойынша байқаулар ұйымдастырылды.

Фестивальге қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Сейсембайдың жетекшілігімен барған студенттер жүлделі орындармен оралды. 5В012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Ихсан Данияр «Тар жолды, тайғақ кешулі тағдырлар» номинациясында ғылыми жобалар байқауы бойынша 2 орын иеленді. «Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай» тақырыбындағы ақындар мүшәйрасы бойынша 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Сұлтан Қарлығаш 3 орынға, ал 1 курс студенті Бірімжанова Айгерім алғыс хатқа ие болды. Сондай-ақ 1 курс студенттері Аманбаева Ақбілек пен Батырбекова Інжумаржанның авторлық бірлестікте жазылған мақалалары фестиваль аясында өткен «Ілияс мұрасы және алаштану мәселелері» атты конференция жинағында жарияланды.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті «Ілияс әлемі» дәстүрлі республикалық студент-жастар фестивалі жеңімпаздары