Дөңгелек үстел: «Болашаққа бағдар: Рухани жанғыру»
- Подробности
- Опубликовано: 28 февраля 2018
28 ақпан күні өңірлік "Рухани жаңғыру" жобалық офисі №138 кабинетінде "Шет тілі: екі шет тілі" мамандығы 1 курс орыс бөлімінің 13,14,15-АР топтарымен "Рухани жаңғыру – болашақ кепілі" тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары: шет тілі кафедрасының доценттері ф.ғ.к. Нұрмұхаметова Қ. Т. Безаубекова А. Д. Дөңгелек үстелдің қонақтары ретінде: академиялық жұмыс және әлеуметтік мәселелер, оқу ісі жөніндегі проректоры – Мусабекова Гульвира Айдархановна, оқу-әдістемелік басқарма бастығы - Наурызбаева Эльмира Кенжегалиевна, шет тілдер кафедрасының меңгерушісі - . Соловьева Наталья Анатольевна, "Рухани жаңғыру" өңірлік жобалық офисінің бас менеджері - Нұрбек Елікбайұлы Әбдібеков.
Іс-шараның жүргізушілері 1 курс орыс бөлімінің студенттері Гончар Наталья(13-АР), Калинина Ирина(15-АР).
Кездесуге "Қазақстан-Қостанай "облыстық телерадиокомпаниясының өкілдері шақырылды.
Аталған іс-шараның мақсаты: Президентіміздің "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру " бағдарламасының негізгі бағыттарын талқылау кезінде студенттердің патриоттық сезімдерін ояту болып табылады.
Іс-шараның міндеттері:
- бағдарламамен танысу;
- бағдарламаның негізгі бағыттарын талқылау және ашу;
- бағдарламаның негізгі бағыттары мен студенттің күнделікті өмірімен қызметінің өзара байланысын анықтау.
Дөңгелек үстелде Рухани Жанғыру бағдарламасын іске асыру және қазіргі уақытта осы бағдарлама аясында іске асырылатын жобалар талқыланды.
Осы бағдарламаның бағыттары бойынша студенттер өздерінің жобаларымен таныстырды:
- Бәсекеге қабілеттілік - Семибаламут София 13-АР
- Прагматизм – Садықова Әнел 13-АР
- Ұлттық сәйкестілікті сақтау – Амиргалиев Алиби – 14-АР
- Білім культі – Озарникова Мария – 13-АР
5.Қазақстанның эволюциялық емес, революциялық дамуы – Советова Акгуль 14-АР
- Сананың ашықтығы - Тюрина Юлия 13-АР.
Осы іс-шара барысында студенттер мен шақырылған қонақтар өз қызығушылықтарын танытып және Қазақстанда осы бағдарламаның іске асырылуы жайы өз пікірлерімен бөлісті.