Ұстаздар күні

Ұстаз – ұлағатты есім. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаз еңбегін елемеу – қасиетсіздік. Қазақстанда бұл мереке қазан айының бірінші жексенбісінде аталып өтіледі. Филология факультетінде де бұл мереке елеусіз қалған жоқ. Қазан айының 5-күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен ұлағатты ұстаздар күніне орай мерекелік шара өтті.

Бұл күн ардақты ұстаздар үшін қазан айының ең шуақты және жайдарлы күні болды: сөзі маржан, үні әуезді ұстаздардың бар болғанын мақтаныш ететін студенттер қауымы «Ұстаз – ұлы есім!» атты мерекелік іс - шараға бар ынталарын салып, қызықты да мәнді кеш ұйымдастырды. Айтулы мерекеде филология факультетінің деканы Есіркепова К.Қ. сөз сөйлеп, ұстаздар қауымын мерекемен құттықтады. Студенттер болса, әннен алқа тағып, жырдан шашу шашып, төл туындыларын арнады.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз