Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен қарашаның үші күні көрнекті ақын, жазушы, әдебиеттанушы, аудармашы, қоғам қайраткері Қайнекей Жармағанбетовтың 100 жылдық мерейтойына орай «Ұлттық рухани құндылық: Қазіргі замандағы көркем сөздің жан дүниені жанартудағы ықпалы» тақырыбында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция мақсаты Қ.Жармағанбетовтың әдеби-зерттеу туындыларының, көркем мұраларының жан дүниені жаңартудағы ықпалын таныту.

Конференцияға танымал ғалымдар мен қоғамдық ұйым өкілдері және жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен мектеп мұғалімдері қатысты. Қайнекей Жармағанбетовтың қызы химия ғылымдарының докторы, академик Әлима Қайнекейқызы конференцияның арнайы қонағы болды.

Конференцияда көтерілген мәселелер төңірегіндегі құнды ойлар мен ұтымды ұсыныстар топтастырылып, жинақ жарық көретін болып шешілді және тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлының бастамасымен Қостанай қаласының бір көшесіне Қайнекей Жармағанбетов атын беруге шешім қабылданды.

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция