Филология факультетінің түлегімен мотивациялық кездесу

11-ші сәуір күні филология факультетінде, факультет түлегімен мотивациялық кездесу болды. Савичева Елена Юрьевна 2014 жылы университетті бітіріп, кейін АМПУ магистратурасына сәтті түсті. Герцен (Санкт-Петербург қ.) № 684 "Берегиня" ЖОББМ ГБОУ жұмысқа орналасты. Филология факультетінің түлегі орыс тілі мен әдебиетін оқыту ғана емес, сонымен қатар тәрбие жұмысында да тәжірибесі бар, себебі мектепте тәрбие оқу жұмысы жөніндегі оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.

Савичева Елена Юрьевна "Ресейлік оқушылардың қозғалысы" Санкт-Петербург аймақтық бөлімшесінің қызметіне белсенді қатысады. Ол Бүкілресейлік "Кәсіби келешек" конкурсының жеңімпазы және жас мұғалімдердің педагогикалық олимпиадасының жеңімпазы. Аталған іс-шараның мақсаты - "Орыс тілі мен әдебиеті" мамандығы студенттерінің мотивациясын дамыту, педагогикалық салада жұмыс істеуге деген ынтасын арттыру. Кездесуге 1 және 4 курс студенттері қатысты. Студенттер белсенді сұрақтар қойды. Оларды Санкт-Петербургте оқыту, кәсіби өсу мүмкіндіктері қызықтырды. Кездесу жылы, достық атмосферада өтті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Филология факультетінің түлегімен мотивациялық кездесу