Студенттер арасындағы эссе байқауы мен латыннегізді қазақ әліпбиіндегі диктант
- Подробности
- Опубликовано: 05 декабря 2019
2019 жылы 5 желтоқсанда филология департаменті (қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау) білім беру бағдарламасының аға оқытушылары Шолпанбаева Г.А., мен Байменова Б.Ж. оқу-әдістемелік апталық аясында «Математика», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтарының 1 курс студентері арасында «Мен – тәуелсіз елдің ұланымын» тақырыбында эссе байқауын өткізді. Эссе байқауының мақсаты: студенттерді тәрбиелеу барысында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру. Студенттер шығармашылық өнерлерін көрсете отырып, берілген тақырыпқа өздерінің қөзқарастарын қазақ тілінде сауатты жеткізді.
Сонымен қатар, аталған күні білім беру бағдарламасының оқытушылары: Есіркепова К.Қ., Жұмашев М.Д., Шолпанбаева Г.А., Байменова Б.Ж. «Математика», «Физика», «Информатика», «Педагогика және психология», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтарында оқитын 1 курс студентерінің арасында «Жаңа әліпби және жаңа емле» тақырыбында латыннегізді қазақ әліпбиінде диктант өткізді. Диктант жазу барысында студенттер жаңа әліпби негізінде өз сауаттылықтарын жоғары деңгейде көрсетті.