Үштілді білім беру: 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыру арқылы жаһандық азаматтыққа жақындау» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясы

2019 жылы 12 ақпанда Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық универсиетінің ұйымдастыруымен облыстық «Үштілділік – болашаққа сенімді қадам!» атты онкүндігі шеңберінде «Үштілді білім беру: 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыру арқылы жаһандық азаматтыққа жақындау» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

Конференция жұмысына Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының өкілдері, Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық универсиетінің оқытушылары, облыстың жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері қатысты.

Конференцияның негізгі мәселелері: көпмәдени кеңістікте білім берудің құндылықтары; қазіргі қоғамдағы мектеп бітірушілердің, студенттердің табысты бейімделуі үшін 21 ғасыр дағдылары; ШЖМ-ке үштілді білім беруді енгізу тәсілдері; үштілді білім берудегі табысты практиктер.

Секциялық жұмыстарда мына тақырыптар бойынша баяндамалар тыңдалып, талқыланды:

«Үштілді білім беру – көптілді тұлғаны қалыптастыру негізі», «Шағын жинақталған ауылдық мектепте көптілді оқытуды енгізу. Тәжірибе және мәселелер», «Мектеп пен ЖОО оқу үрдісінде CLIL әдістемесін қолдану туралы», «Жаратылыстану-ғылыми цикл пәндері бойынша ағылшын тілін интеграциялау», «Кіріктіріп оқытуәдістемесін енгізу мендамытудың өзекті мәселелері», «Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін оқыту», «Ұлттық мектептерде көптілді білім беруді дамыту», «CLIL сабақтарында АКТ-ны қолданудың тиімділігі» және т.б.

Облыстық жалпы білім беретін мектептерде үштілді білім беруді дамыту үдерісі оларды шешу мақсатына негізделген және сәйкестендірілген перспективаларымен, мәселелермен анықталатыны, қорытынды ретінде аталып өтілді. Сонымен қатар келесі бағыттар бойынша сұрақтар қозғалды: үштілді білім беру - көптілді тұлғаны қалыптастыру негізі, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерін оқытудың өзекті мәселелері, ұлттық мектептерде үштілді білім беруді дамыту, ЖҒБ пәндер бойыншапәнді және тілді интеграцияланған білім беру әдістемесі (Contentand Language Integrated Learning) мен мақсатты тілді оқыту тиімділігі.

-

-

-

-

-

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Үштілді білім беру: 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыру арқылы жаһандық азаматтыққа жақындау» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясы