Үздік спикер – ҚМПУдан!

2019 жылдың 15-17 ақпан күндері Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде "KGU CUP XIII"атты дәстүрлі халықаралық турнир өтті.

Турнирді Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мен "Ахмет Ұрпақтары"дебат клубы ұйымдастырды. Турнир жартылай финалға, финалға, сондай-ақ, жастардың финалына шығатын 5 іріктеу кезеңінен өтті. Турнирге барлығы 48 команда қатысты.

Ағылшын тіліндегі пікірталасқа У. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің филология факультеті шетел тілдері кафедрасының студенттері: Темірханова Диана (2 курс), Темірбекова Аружан (1 курс) және Уткельбаев Жәнібек (4 курс) қатысты.

Ағылшын лигасында пікірталас тақырыбы "Social Justice and Human Rights" (қоғамдық әділдік және адам құқығы) болды. Турнир үш кезеңнен тұрды: біріншісі-Британдық форматта, екіншісі - американдық форматта және үшіншісі (шешуші)-"Линкольн-Дуглас"форматында.

Біздің екі студенттеріміз жүлделі орындарға ие болды: 1 орын және "Үздік Спикер" номинациясына Темірханова Диана, 2 орын Темирбекова Аружан ие болды.

Біздің дебатерлерді үлкен жеңісімен құттықтаймыз! Жарайсыңдар!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз