Әбділда Тәжібаев - сыршыл, лирик ақын

Әдебиет зерттеушісі, ақын, ғалым Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдығына байланысты 13 ақпан күні филология факультетінің декан орынбасары Шошақова Жанар Қарасынқызының ұйымдастырыуымен « Әбділда Тәжібаев - сыршыл, лирик ақын» атты  кураторлық сағат өткізілді. Бұл кураторлық сағаттың мақсаты жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. 2 курс студенттерінің қатысуымен өткен бұл танымдық сағатта жас өрендер ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы біраз мәлемет алып, толық қанды таныс болды.

Ақын қаламынан туған шығармалардың ішіндегі жастық шаққа қатысты жазылған туындыларын 2 курс студенттері Қалиева Аружан мен Жұмағали Нұрай жатқа оқыса, Бірімжанова Әйгерім ақынның мерейтойына арнап жыр жазды. Ал болашақ филологтардың бірі Сарсенбиева Саягүл қаламгер жайлы эссе жазып, өз ойын, ақынға деген құрмет ілтипатын білдірді. Кураторлық сағатта жастар тағылымы мол, болашаққа септігі көп тәрбиелік мағұлматтар алды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Әбділда Тәжібаев - сыршыл, лирик ақын