«Қазақ тілі мен әдебиетін шағын жинақты мектептерде оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында стейкхолдермен өткен дөңгелек үстел
- Подробности
- Опубликовано: 14 марта 2018
2018 жылдың 14 наурыз күні сағат 15:00 Қадыр Каримов шағын кешенді мектебінде «Қазақ тілі мен әдебиетін шағын жинақты мектептерде оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында жұмыс беруші стейкхолдермен байланыс мақсатында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге Қостанай ауданы, Қадыр Каримов орта мектебінің директоры Ибраева Салтанат Кенжеханқызы, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жұмашева Салкен Күлтайқызы және қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары, әдіскерлер пед.ғ.магистрі Алиева Дидар Алиаскаровна, гум.ғ.магистрі Абдрашева Алия Қажымұханқызы және 3 курс студенттері қатысты.
Дөңгелек үстелде институт тарапынан шағын кешенді мектептермен байланыс оның ішінде жас мамандарды тәжірибеден өтуге шақыру, жұмысқа тарту сияқты мәселелерді көтерді. Дөңгелек үстелде шағын кешенді мектеп мұғалімдерінің жалпы білім беру барысындағы толық мектептермен салыстырғандағы өзгешеліктері, ерекшеліктері, кездесетін қиындықтары туралы ойлары айтылып, студенттерді толғандырып, қызықтырып жүрген көптеген сұрақтарына жауаптар алынып, талқылауға салынды. Шағын кешенді мектептерде сабақ өткізудің қолайлы жолдары, қиындықтарды шешуге байыппен, біліммен, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы шешуді қарастыратындары айтылды.