2017 жылдың қыркүйек айында шет тілдері кафедрасында Қостанай қаласының А.М.Горький атындағы гимнаиясымен бірлесіп «НЕМІС ТІЛІ САХНАДА» атты әлеуметтік жоба іске қосылды. Жоба жетекшісі шет тілдері кафедрасының профессоры Исмагулова Г.К. 2017 жылдың қарашасында театрлық труппаны Алматы Гете-Институтымен және республикалық неміс драма театрымен ұйымдастырылған «Deutsch auf der Bühne» атты жыл сайын Алматы қаласында өтетін театрлық фестиваліне қатысуға шақырды. «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттері Слободюк Александр, Войкин Александр, Омарова Асель, сонымен қатар Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «А.М.Горький атындағы гимназия» ММ оқушылары Кротов Алексей, Хлевная Анастасия және Анна Меркулова сахынада «Blaues Zimmer» пьесасын сомдады.
2017 жылдың 28 қыркүйек күні «Русский язык и летература» мамандығының студенттері белгілі Қазақстандық жазушы, И.Щеголихиннің шығармашылығына байланысты өткен оқырман конференциясына қатысты. Талқылауға «Творчество русскоязычных писателей Казахстана в контексте современного литературного процесса» проблемалық тобының мүшелері белсенділік танытты. Студенттер кездесу барысында автордың «Не желаю, не зову, не плачу» кітабымен танысты, Қостанайлық автрдың шығармашылығына пікірлер айтылды.
Филолгия факультетінде 25 қыркүйек күні сағат 15:00 де «Латын әліпбиіне көшу - заман талабы» атты ғылыми конференция өтті. Конференцияға Тілдерді дамыту орталығынан арнайы өкіл келіп қатысты. Факультет оқытушылары мен студенттері өздерінің латын әліпбиіне көшу турасындағы өз мақалаларымен бөлісті. Латын әліпбиіне көшу еліміздің білім жүйесіне қаншалықты оң әсерін тигізетіндегі және басқа да ерекшеліктері туралы сөз қозғалды, студенттер өздерін ойландырған сұрақтарды ортаға салып талқылады. Жиынның алғы сөзін филология факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент Есіркепова Кенжегүл Қабылғазықызы сөйледі.
2017 жылдың 22 қыркүйегінде тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталығының аға-оқытушылары Ловцова Д.П., Плохотенко В.Н мен Сержан-Абдрахманова Ш.К. Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған іс-шараны өткізді. Қазақстан халықтарының тілдер күнін атау барысында тілдер дайындығының оқу-тәрбие орталығы ұлтаралық рухани бірлікті нығайтуды және қазақ тіліне деген қызушылықты, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті арттыруды мақсат етті. Іс-шара барысында студенттерге Қазақстанда үштілділік маңыздылығы жеткізілді. Аталған іс-шараға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының филология, дене шынықтыру, спорт және туризм, психология және педагогика, әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-математика факультеттерінің студенттері белсенді қатысып, Қазақстан халықтарының тілдеріне арналған шығармалар оқып, өнерлерін көрсетті.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қосымша білім беру факультетінде 2017 жылдың 22 мамырынан бастап 3 маусымға дейін мектеп, колледждер және ЖОО мұғалімдеріне арналған «Білім алушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту» тақырыбына екі апталық біліктілігін арттыру курстары өтті. Осы тақырып бойынша «Оқу және ойлау арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту» жобасының философиясы, ұжымдық оқытудын тиімді әдістері, сын тұрғысынан ойлауын дамыту үшін заманауи технологияры мен әдістері бойынша сұрақтар қарастырылды. Институттың жетекші оқытушыларымен тәжірибелік сабақтар, мастер-класстар, ақыл-кеңестер және топтық пікірталас өткізілді.
27-ші мамыр күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын студент жастар арасында кеңінен талқыға салып, дәріптеу мақсатында филология факультетінің ұйымдастыруымен дебат ойыны өткізілген болатын.Елбасы жолдауыны дәріптелуінің тиімді жолын көрсетті. Осы тақырыпта көрермендер арасына ой тасталып, мәселе кеңінен қозғалды. Ой қозғап, сөз сөйлеген филология факультетінің студенттері Арыстан Нұралы, Шамитинов Азиз өз ойларын анық және нақты айта білді. Аталған іс – шара жоғары деңгейде өтті.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының көптілділік орталығымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған шығармалар интернет-байқауы өткізілді. Байқауға Қостанай облысының 90 астам ЖОО, колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Ең белсенді Қостанай құрылыс колледжі, Лисаковск қаласының №3, 4 орта мектебі, Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі, Федоровка ауданының №2 орта мектебі, С.Мауленов атындағы гимназиясы қатысты. 2017 жылдың 3 наурызында Костанай мемлекеттік педагогикалық институтының Көптілділік орталығында 8 Наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған шығармалар интернет-сайсы қорытындыланды.
«Орыс тілі және әдебиет» мамандығының бірінші курс студенті Екатерина Лисогурская «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне волонтерлердің конкурстық іріктеуінен өтті. Қатаң іріктеуден кейін конкурсқа қатысушыларға болашақ волонтерлерді дайындау аясында арнайы құрастырылған бағдарлама бойынша оқуды өту күтіп тұрды. Екі ай бойы волонтерлік қозғалыстың 120 қатысушыларының ішінде Екатерина бірнеше бағыт бойынша ЭКСПО көрмесінің тарихы, Қазақстан тарихы, тіл курстары, алғашқы медициналық жәрдем және т.б. оқыту курстарынан табысты өтіп, емтиханнан өтті. Алда жазғы демалыс күтіп тұр. Екатеринаның демалысын Астанада өткізуі және жылдың ең басты оқиғасын өткізуге өз үлесін қосуы күтілуде.
2017 жылдың 22 ақпанында Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті «Полилингв» СҒҮ Студенттік оқулар атты халықаралық студенттік ғылыми конференциясын онлайн байланыста өткізді. Аталған конференция жұмысына Нью Йорк университеті, Карабюк университеті Түркия, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, А.Байтурсынов атындағы ҚМУ және Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты қатысты.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары 2017 жылғы 7 ақпанда «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің физика-математика лицейі» мемлекеттік мекемесінде өткен «Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуының табысты кепілі – болашақ ұрпақтың зияткерлік әлеуеті» атты Т.Е.Даулетбаев атындағы мектеп оқушыларының VI аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы пәндік секциясының жұмыстарына әділ қазылар алқасы ретінде қатысты. Кафедра оқытушылары аталған білім мекемесінің әкімшілігі және ұжымымен көп жылдан бері бірігіп белсенді жұмыс атқарып, семинарлар өткізуде.