«Полилингв» СҒҮ Студенттік оқулар

2017.02.22

2017 жылдың 22 ақпанында Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті «Полилингв» СҒҮ Студенттік оқулар атты халықаралық студенттік ғылыми конференциясын онлайн байланыста өткізді. Аталған конференция жұмысына Нью Йорк университеті, Карабюк университеті Түркия, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, А.Байтурсынов атындағы ҚМУ және Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты қатысты.

Конференцияның негізгі мақсаты Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын іске асыруда жастардың шығармашылық белсенділігін дамыту, болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін қалыптастырудың өзекті мәселелерін шешу бойынша тәжірибе алмасу және кәсіби тұрғыда бір-бірімен қарым-қатынас жасауына оңтайлы жағдай тудыру.

Конференцияның модераторы ф.ғ.к. қазақ және шетел тілері кафедрасының меңгерушісі Ж.К. Исаева болды.

ҚМПИ атынан филология факультетінің тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталығының меңгерушісі педагогика ғылымдарының магистрі С.К.Абишева сөз сөйледі.

«Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін» атты баяндамасымен филология факультетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенті Изгалиева А. ғылыми жетекшісі тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталығының аға оқытушысы Ловцова Д.П. қатысты. Изгалиева Айнұр белсенді қатысқаны үшін II дәрежелі дипломына ие болды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті «Полилингв» СҒҮ Студенттік оқулар