Т.Е.Даулетбаев атындағы мектеп оқушыларының ғылыми-практикалық жұмысына қатысу
- Подробности
- Опубликовано: 07 февраля 2017
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары 2017 жылғы 7 ақпанда «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің физика-математика лицейі» мемлекеттік мекемесінде өткен «Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуының табысты кепілі – болашақ ұрпақтың зияткерлік әлеуеті» атты Т.Е.Даулетбаев атындағы мектеп оқушыларының VI аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы пәндік секциясының жұмыстарына әділ қазылар алқасы ретінде қатысты. Кафедра оқытушылары аталған білім мекемесінің әкімшілігі және ұжымымен көп жылдан бері бірігіп белсенді жұмыс атқарып, семинарлар өткізуде. Сонымен қатар мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми жобаларына да жетекшілік етеді. Конференция қорытындысы бойынша оқушыларға ең үздік ғылыми жұмысы үшін, грамоталар, алғыс хаттары табысталып, жүлделі орындар анықталды.