Волонтерлер іріктеу конкурсы

«Орыс тілі және әдебиет» мамандығының бірінші курс студенті Екатерина Лисогурская «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне волонтерлердің конкурстық іріктеуінен өтті. Қатаң іріктеуден кейін конкурсқа қатысушыларға болашақ волонтерлерді дайындау аясында арнайы құрастырылған бағдарлама бойынша оқуды өту күтіп тұрды. Екі ай бойы волонтерлік қозғалыстың 120 қатысушыларының ішінде Екатерина бірнеше бағыт бойынша ЭКСПО көрмесінің тарихы, Қазақстан тарихы, тіл курстары, алғашқы медициналық жәрдем және т.б. оқыту курстарынан табысты өтіп, емтиханнан өтті. Алда жазғы демалыс күтіп тұр. Екатеринаның демалысын Астанада өткізуі және жылдың ең басты оқиғасын өткізуге өз үлесін қосуы күтілуде.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз