22 сәуірде Франция және Венгрия жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу үшін болған сайыстың бірінші туры болды. Көптеген студенттер өздерінің бақтарын сынады, соның ішінде шетел тілдері факультетінің студенттері де бар. Бұл бағдарлама бойынша қатысуға өтініш бергендер қырқ шақты болды. Шетел тілдері кафедрасы тарапынан тестер дайындалды, осылардың нәтижесінде бағдарлама бойынша ары қарай қатысу үшін белсенділер белгілі болады. Сәттілік тілейміз.

2016 жылдың 22 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында КТК орыс лигасының институт ректоры кубогы үшін болған соңғы ойыны болып өтті. Өзара тірескен факультеттер өздерінің шеберліктерін көрсетіп дарындылықтарын, тапқырлықтарын дәлелдеді. ҚМПИ қабырғасында небір таланттар білім, тәрбие алып жатқындығын осындай іс- шаралардан көреміз.

2016 жылдың 20 сәуірінде Шетел тілдер факультетінде колледж және мектеп түлектері Ашық есік күніне шақырылды. Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Унгутбаева Г.Ш. және Кенжибаева А.С. әрленген презентация көлемінде ШТФ-дегі оқу жайында айтып өтті, академиялық ұтқырлық бағдарламасы Қазақстан және Европа университеттерінде; шет елдегі жоғары орындарында оқуды жалғастыру жайында, ең негізгісі шетел тілдерін оқыту саласында жоғары білікті маман болу. Презентация және әңгімелесу іс-шарасынан кейін оқу-әдістемелік кабинетіне және ФКЦ саяхат жасау жалғастырылды.

Қостанай облысының әкімшілігіндегі тілдер басқармасы 2016 жылдың 20 сәуірінде Достық Үйінде Ы. Алтынсариннің 175 жылдығына арналған «Тілдарын» облыстық олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың өткізілу мақсаты дарынды жастар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жақсы меңгерген болу керек. Бұл іс-шара қазақстандық патриотизмді нығайтуға бағытталған, тіл мәдениетін үйрету, тілдері мен басқа да халықтардың мәдениеттері үшін құрмет көрсету. Қатысушылар 3 кезеңнен өту керек: қазақ тілі, ағылшын және орыс тілдерін білу керек.

2016 жылдың 18 сәуірінде ҚМПИ акт залында КВН қазақ лигасының финалы болып өтті. ШТФ командасы «Жас New» соңғы мәреде көшбасшы болды.Барлық командалар мықты нөмірлерімен шықты, сондықтан әділқазыларға жеңімпазды анықтау қиынға соқты.Жас өршіл, харизматикалық және әзіл қыздар үлкен мағынасы бар командасы ҚМПИ ректорының кубогына арналған күрделі күресте екінші орынға ие болды. Біз біздің жұлдыздарды құттықтаймыз және оларға болашақта табыстар тілейміз, сонымен қатар жаңа биіктерді бағындыра беріңдер.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтытының қабырғасында өткен КТК-ның Ректор кубогын алуға финал ойыны өте тартысты өтті. Ойын басталмас бұрын барлық команда Қазақ және орыс филологиясы факультетінің мықтылығын мойындаған болатын. Мұны, әрние, әділ қазы мүшелері де мойындады. Өздерінің күштілігін тағы да бір дәлелдеп, біздің жігіттер Ректор кубогын факультетке алып берді.

2016 жылдың 15 сәуірінде оқу залында ақпараттық-кітапхана орталығында «Қостанай облысы; өткен және қазіргі» Қостанай облысының 80 жылдығына арналғанинтеллектуалдық ойын өткізілді. ШТФ командасы 1-ші орынға ие болды, ал оның капитаны Уткелбаев Жәнібек «Үздік ойыншы» мадақтамасын алды. Біз ақылдыларды жаңа жеңістер мен қызығушылықтарымен құттықтаймыз.

Еліміз егемендігін алып, көк туымыз көк аспанда еркін желбіреген шақта, тәуелсіз ұрпақ төл мерекені тойлауды жаңғыртуда. Соның бір дәлелі ретінде Қазақ және орыс филологиясы факультетінде өткен махаббат кешін, дәлірек айтсақ ғашықтар сайысын айтуға болады!

2016 жылдың 13сәуірінде ҚМПИ-дің акт залында «Бірлігіміз жарасқан» фестивалі өтті, бұл шарада шетел тілдері факультеті неміс халқын көрсетті. Студенттер неміс халқының ұлылары туралы презентация жасады. Гете, Гейне, Шиллердің өлеңдерін жүрекпен оқыды; Юсупова Ақмарал неміс классиктерінің попуррилерін шебер ойнады;2 курс топтарының студенттері неміс тілін екінші тіл ретінде оқитындар Германияда қалыңдықтың жоралғысы қалай өткізілетіндігін көрсетті; мәре соңында достық туралы неміс тілінде ән айтылды. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша шетел тілдері факультеті «Ептілік және әртістік» мадақтамасын және сыйлық алды.

2016 жылдың 13 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында факультет аралық Қазақстан халықтар бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты фестиваль болып өтті. Әр факультет түрлі халықты таныстырып шықты. Қазақ және орыс филологиясы факультетінің еншісіне Украин халқын таныстыру тиді. Украин халқының тамылжыған әндері мен жүректі қозғап, шабыт сыйлар билері, дәмі тіл үйірер небір тәтті тағамдары Қазақ және орыс филологиясы факультетінің көрсетуімен сахна төрінен көрінді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті