Финал: Кубок біздің қолда!

18.04.16Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтытының қабырғасында өткен КТК-ның Ректор кубогын алуға финал ойыны өте тартысты өтті. Ойын басталмас бұрын барлық команда Қазақ және орыс филологиясы факультетінің мықтылығын мойындаған болатын. Мұны, әрние, әділ қазы мүшелері де мойындады. Өздерінің күштілігін тағы да бір дәлелдеп, біздің жігіттер Ректор кубогын факультетке алып берді.
Қашанда сергек, көңілді жүретін, кісіге тәтті көңіл-күй сыйлар 3 курс студенттері Таңатқанов Табиғат, Өміртай Есбол, Әлихан Еркебұлан, Шугубаев Жалғас және де сыңғырлаған күлкілерімен жүректерге нұр құятын 1 курстың арулары Түгел Айдана мен Аққозы бәйгеде оза шауып, бас жүлде «Ректор кубогын» қанжығаларына байлады.
Талантты ұл- қыздарға алдағы сайыстарда да сәттілікті ауыздық еткен жеңіс тұрпарымен сүрінбей, талай бәйгеден бірінші келуін тілейміз! Ең бастысы алдағы күнге, өздеріңе сеніммен қарау! Біз өздеріңе сеніміз! Сендер жеңіске сеніңдер!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз