КТК орыс лигасының финал ойыны

22.04.162016 жылдың 22 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында КТК орыс лигасының институт ректоры кубогы үшін болған соңғы ойыны болып өтті. Өзара тірескен факультеттер өздерінің шеберліктерін көрсетіп дарындылықтарын, тапқырлықтарын дәлелдеді. ҚМПИ қабырғасында небір таланттар білім, тәрбие алып жатқындығын осындай іс- шаралардан көреміз.
Бұл жолғы ойын келесі белестерден тұрды : "Визитка", "Разминка" және "Фристайл" (үй тапсырмасы). Қазақ және орыс филологиясы факультеті үш кезеңнен де сүрінбей өтті. Айта кететін ерекше жағдай, Қазақ және орыс филологиясы факультетінің команда құрамында студенттерден өзге факультет деканының орынбасары, магистр Шошақова Жанар Қарасынқызы да өз өнерін көрсетті. Актерлік шеберлік пен тапқырлық, талант жоғары деңгейде көрінді.
Осындай ұстазы бар студенттер де өзге факультеттен қалыспады. Соңғы минуттар да ҚжОФФ мен Шет тілдер факультетінің ұпайлары тең түсіп, әділқазылар алқасының бүйрегі Шеттілдікттерге қарай бұрды. ҚжОФФ 2 орынды иеленіп, сахна төрінде жұлдыздай жанды. Команданы құттықтаймыз! Алда тек қана жеңістер, тағы да жеңістер тілейміз!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті КТК орыс лигасының финал ойыны