Бірлігі жарасқан, Қазақ елі!
- Подробности
- Опубликовано: 13 апреля 2016
2016 жылдың 13 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында факультет аралық Қазақстан халықтар бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты фестиваль болып өтті. Әр факультет түрлі халықты таныстырып шықты. Қазақ және орыс филологиясы факультетінің еншісіне Украин халқын таныстыру тиді. Украин халқының тамылжыған әндері мен жүректі қозғап, шабыт сыйлар билері, дәмі тіл үйірер небір тәтті тағамдары Қазақ және орыс филологиясы факультетінің көрсетуімен сахна төрінен көрінді.
Бірлігі жарасқан егемен Қазақстанда қазіргі таңда 131 - ден астам ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр. Қазақ елімен бірге туысып кеткен бұл халықтарды қазақ халқы да өзектен тепкен емес. Құшағын ашып, бауырсағын шашып бүгінге дейін біз, сіз десіп келеді. Болашақта да осындай татулықтан ажырамай, ұрпақ амандығын тілеп, бейбіт заманда ғұмыр кешейік, Қазақстан жұртшылығы!