Жүрегің жүрегіммен егіз бе еді?
- Подробности
- Опубликовано: 15 апреля 2016
Еліміз егемендігін алып, көк туымыз көк аспанда еркін желбіреген шақта, тәуелсіз ұрпақ төл мерекені тойлауды жаңғыртуда. Соның бір дәлелі ретінде Қазақ және орыс филологиясы факультетінде өткен махаббат кешін, дәлірек айтсақ ғашықтар сайысын айтуға болады!
Жүрегім жүрегіңмен егіз бе еді? Дәл осындай тақырыппен 15 сәуір күні Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының «Балауса» үйірмесінің ұйымдастыруымен керемет кеш өтті. Кеш әдеттегіден ерекше, «бұрынғы әннен өзгерек» өтілгенін атап айтқан жөн.
Сайыс негізінен 4 кезеңнен тұрды. Сайысқа 3курс студенттері Шугубаев Жалғас пен Бейбітқызы Каусар, 2 курс студент3 Жанжігітов Сырым мен 3 курс студенті Бергенова Перизат, 2 курс студенттері Әжіхан Еламан мен Қозы Көрпеш Баян сұлу күніне арналған бұл мерекенің ханзадасы мен ханшайымы болып, бас жүлдені ұтып алған 1 курс студенті Рүстемов Думан мен 2 курс студенті Сұлтанханова Толғанай иемденген жеңістеріне нағыз лайық жұп болды!Қазіргі заманда жастардың, қазақ жастарының , мұндай игі бастамасы барлығына үлгі болары хақ! Жүректері ұлтым деп соққан Ұлы дала перзенттерінің Ұлы мерекені тойлауы дәл осылай әрдайым есте қалады.