2017 жылдың 8 қарашасында «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының үшінші курс студенттері Островский Н. атындағы кітапханада ұйымдастырылған «Қазақстан-Ресей: шекарасыз оқу» халықаралық он-лайн конференциясына қатысты. Екі елдің мәдениеті туралы әңгімелесушілері,ақылдасушылары кітапхана қызметкерлері болды, ҚМПИ Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі ,ф.ғ.к. Пчелкина Т.Р., Қоғам қайраткері және Ресей Жазушылар одағының мүшесі Алферов А.Н. (Мәскеу қ.), студенттер. Іс-шара барысында екі елдің мәдениаралық кеңістігін кеңейтуге байланысты оң үрдістері атап өтілді.
2017 жылғы 3 қарашада «Барлық деңгейдегі ҚХА қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің діни және құқықтық сауаттылығын арттыру» тақырыбына семинар-тренингке қатысушыларды марапаттады.Қатысушылардың бірі филология факультетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенті Рахимжанова Диана болды.Осында, Достық үйінде Қостанайдың танымал ақыны А.И. Сусловамен кездесу өтті. Бұл студент кафедраның аға оқытушысы Г.В. Мустакимованың жетекшілігімен қостанайлық авторлардың шығармашылығына байланысты дипломдық жұмыс бойынша жұмыс жасауда. Александра Ильиничнаның шығармашылығы түлекке жақсы таныс, ол автормен тірідей кездесіп, жолдардың қалай пайда болғанын, шығармашылық жоспарындағы жаңа жаңалықтарды өз аузынан естігісі келді.
2017 жылы 2 қараша күні «Филологияны ғылыми зерттеу негіздері» пәнінен «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы 4 курс студенттеріне іскерлік ойын түрі ретінде (оқытушы – филология ғылымдарының кандидаты Пчелкина Т.Р.) сабақ өткізілді. Барлық қатысушылар өз рөлдерін алды: кафедра меңгерушісі, студент, ғылыми жетекші, рецензент, кітапхана жұмыскері, МАК хатшысы және т.б.
2017 жылдың 31 қазанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институттың шетел тілдері кафедрасының базасында халықаралық деңгейдегі ғалымдардың (Ұлыбританиядан, Варвика университетінің философия ғылымдарының докторы М.Эстрада, Полшадан, К.Велико атындағы Казимеш университетінен В.Петров,Үндістаннан профессор Санкаракумар) қатысуымен «Жаһандану әлемі: білім берудегі саяси және әдеуметтік-экономикалық үрдістер(тенденциялар)» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.
Жастар ортасында жиілеп кеткен өзіне-өзі қол жұмсау жағдайларына байланысты 2017 жылғы 27 қазан күні сағат 12.30-да шетел тілдері кафедрасының тәлімгерлерімен өзіне-өзі қол жұмсаудың себептері мен олардың алдын алуға арналған іс-шарасы ұйымдастырылған болатын. «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1-курс студенттерімен кездесуге Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Қостанай облыстық орталығының психолог-маманы Инна Кокандова шақырылды. Іс-шара әңгімелесу түрінде өтті.
26 қазан күні сағат 15:00-де ҚМПИ-ның акт залында филология ғылымдарының кандидаты, мәдениеттанушы, мемлекеттік және қоғам қайраткері М.Әуезовтің «Желісті байланыстыратын уақыт» кітабының тұсаукесері өтті. Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты В.И. Жаркова кітаптың мәселелер жиынтығы мен тақырыптамалары ұсынылған, композициялық ерекшеліктері белгіленген және тәрбиелік маңыздылығы туралы баяндама дайындалған. Ол жазушының көркемдік әлемін құрастыру ретінде, рухани салаға ерекше назар аударды. Кездесу барысында жұмыс авторы В.И. Жаркованың баяндамасын жоғары бағалады және оған шығармашылық табыстар тіледі.
Көптілділік деген – объективті мәдени және экономикалық қажеттілік. Әлемдік қауымдастыққа кіріп жатқан біздің елімізде тілдерді үйреніп таратуға барынша қолайлы жағдайлар жасалуда. Қазіргі таңда тілдерді оқыту – білім беру жаңартудағы басым бағыты болып танылып отыр. Елбасының Қазақстан халқына жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» деп айтылған. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңғырту қажеттіліктеріне сәйкес келетін заманауи білім беру жүйесі қажет.Тілдерді үйренуге деген қызығушылығын арттыру - біздің басты мақсатымыз. Көптілділік – болашаққа бағдарланған жол».
Қазан айының 13-жұлдызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының конференц залында институттың «Рухани жаңғыру» бөлімі және филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы бірлесе отырып, «Латын әліпбиі – рухани жаңғырудағы басты басымдықтардың бірі» атты дөңгелек үстел өткізді. Білім беру ұйымдарындағы "Мәңгілік ел" ұлттық идеясын жүзеге асырудағы өткізіліп жатқан іс-шаралар тәрбие жұмысы үшін түрткі және негізгі себеп.
Бүгінгідей жаһандану заманында ағылшын тілінің маңыздылығы мен қажеттілігі зор. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарындаағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие болып отыр. Ағылшын тілін білу шәкірттерге ғылым мен техника саласында кәсіби табысқа қол жеткізуге және қажеттіліктерін қанағаттаныдуға мүмкіндік туғызады. Тиісті оқу бағдарламасының әзірленуі, шәкірттердің кәсіби тұрғыдаалған білім дағдыларын қолдануға ажәне өсіп жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға негіз болады. оқу бағдарламаларын әзірлеушілерге ағылшын тілін оқытудың бірізді тәсілін ұстануы қажет.
2017 жылдың 12 қазанында «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының үшінші курс студенттері орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының кураторы О.В. Ковальмен бірлесе отырып «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» атты бағдарламалық мақаласын талқылау үшін «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» тақырыбына кураторлық сағат өткізді. Студенттер баяндамалар мен бейнероликтер дайындады. Мемлекет басшысының мақалалары қарастырылды. Н.Назарбаев ұсынған жобалар жеке аспект боп бөлінді. Студенттер латын алфавитіне көшу уақыттың жаңа дәуіріне сай келетінін, сонымен бірге тілдің әлемдік мәдениетке жақындасуының алғашқы қадамы туралы талқылады.