Латын әліпбиі – рухани жаңғырудағы басты басымдықтардың бірі
- Подробности
- Опубликовано: 13 октября 2017
Қазан айының 13-жұлдызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының конференц залында институттың «Рухани жаңғыру» бөлімі және филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы бірлесе отырып, «Латын әліпбиі – рухани жаңғырудағы басты басымдықтардың бірі» атты дөңгелек үстел өткізді.
Білім беру ұйымдарындағы "Мәңгілік ел" ұлттық идеясын жүзеге асырудағы өткізіліп жатқан іс-шаралар тәрбие жұмысы үшін түрткі және негізгі себеп. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу әдістері мен барлық формалар барлық халықтардың туыстық бірлік рухында танылған, ділге негізделген және этномәдени толеранттылықты қалыптастыруда халықтардың жауынгерлік, еңбек дәстүріне, идеалдарға, эстетикалық және адамгершілік нормаларға құрылған.
Облысымыздың педагогтары рухани жаңғыруға, мемлекеттік тілге құрметпен қарауға, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрінің, тарихының қайта жасалуына, этносаралық қарым-қатынастың үйлесімділігін қамтамасыз етуде, облыста бейбітшілік пен келісімді нығайтуда, республикадағы мемлекеттік саяхатқа өз үлестерін қосуда.
Институт ұжымы облыс педагогтарына көмек көрсетуде өз тәжірибелері мен білімдерін барлық деңгейде қамти отырып, сапалы білім беруге атсалысып отыр.