«Ұлттың одан әрі дамуына тарихи мүмкіндік...»
- Подробности
- Опубликовано: 12 октября 2017
2017 жылдың 12 қазанында «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының үшінші курс студенттері орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының кураторы О.В. Ковальмен бірлесе отырып «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» атты бағдарламалық мақаласын талқылау үшін «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» тақырыбына кураторлық сағат өткізді. Студенттер баяндамалар мен бейнероликтер дайындады. Мемлекет басшысының мақалалары қарастырылды. Н.Назарбаев ұсынған жобалар жеке аспект боп бөлінді. Студенттер латын алфавитіне көшу уақыттың жаңа дәуіріне сай келетінін, сонымен бірге тілдің әлемдік мәдениетке жақындасуының алғашқы қадамы туралы талқылады. Қостанай облысында «Рухани жаңғыру» тақырыбына арналған сағат ерекше іске асырылды.
«Жолдау болашақ ұрпақтың әл-ауқатының кепілі болып табылатын құнды ойлар, идеялар мен ұсыныстардан тұрады. Берілген тапсырмаларды орындау үшін жастарды біріктіру өте маңызды» О.В. Коваль атап өтті. Кураторлық сағатқа филология факультетінің декан орынбасары Ж.Қ. Шошакова қатысты, латын әліпбиіне көшу - ұлттың одан әрі дамуына тарихи мүмкіндік және Қазақстанның әлемдегі жетістіктерін тарату мүмкіндіктері екенін атап өтті.