«Жаһандану әлемі: білім берудегі саяси және әдеуметтік-экономикалық үрдістер(тенденциялар)» - атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
- Подробности
- Опубликовано: 31 октября 2017
2017 жылдың 31 қазанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институттың шетел тілдері кафедрасының базасында халықаралық деңгейдегі ғалымдардың (Ұлыбританиядан, Варвика университетінің философия ғылымдарының докторы М.Эстрада, Полшадан, К.Велико атындағы Казимеш университетінен В.Петров,Үндістаннан профессор Санкаракумар ) қатысуымен «Жаһандану әлемі: білім берудегі саяси және әдеуметтік-экономикалық үрдістер(тенденциялар)» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы мен Қостанай облысының білім беру және тілдер саясаты аймағындағы озық, үздік алдыңғы қатардағы арнайы мамандар пленарлық мәжіліске толығымен қатысты. Сондай-ақ,Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының стратегиялық даму және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ахметов Тілеген Альмуханұлы; Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің европа және шығыс тілдері кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Асанова Дария Нұртасқызы; «Қостанай облысы акиматының тілдерді дамыту бойынша басқарма» МБ бастығы Мендекинова Гүлжан Ермашқызы; Қостанай құрылыс колледжінің оқу ісі бойынша директордың орынбасары Сұлтанова Ғалия Еркенқызы және т.б. баяндамаларын оқыды.
Конференцияның негізгі бөлімінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінен философия ғылымдарының кандидаты Бондаренко Юрий Яковлевич, ҚМПИ филология факультетінің деканы,филология ғылымдарының кандидаты Есиркепова Кенжегүл Қабылғазықызы, қазіргі таңдағы білім берудегі үш тілділіктің мәнін ашатын баяндамалар оқыды.
Білім берудегі ақпараттандыру мен халықаралық Erasmus+ «АКАДЕМИКА»
жобасының ролі жайлы ҚМПИ доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Тобылов Қуаныш Тобылұлы баяндама жасады. М.Әуезовтың әдеби ойлау ерекшеліктері туралы ҚМПИ филология ғылымдарының кандидаты Жаркова Валентина Ивановна айтып өтті. Конференцияда «Шетел тілдері:екі шет тілі» мамандығының студенттері:
4 курстан Белозерская Елизавета, 3 курстан Уткельбаев Жанибек, Нармухамбет Балгуль, Уканова Алина сөйледі.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аумағында білім беру аймағындағы көтерілген мәселелер:
- Ғылым және білім беру аймағында білім беруді дамыту мен халықаралық ынтымақтастықтағы әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелер;
- Үштілділік негізінде көп мәдениетті тұлғаны қалыптастыру;
- Ерте жастан үш тілді білім берудегі: тәжірибе, мәселелер, инновациялар (жаңалықтар);
- Жоғары және орта білім беру жүйесінде шетел тілдерін оқытудың өзекті мәселелері;
- Инклюзивті білім берудің: қазіргі жағдайы, мәселелері, болашағы;
- Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
Конференция сәтті өтті, қатысушылар сертификаттар алды.
Сонымен қатар, конференцияға Қостанай және Қостанай облысындағы ЖОО мен колледждердің педагог қызметкерлері және жоғары , орта білім беру мекемелерінің басшылары ат салысып, қатысты.Үндістан және Польша,Ұлыбритания,Украина, Ресей елдерінің оқытушылары сырттай қатысты.
Тұтасымен алғанда іс-шара жеткілікті түрде жақсы ғылыми деңгейде өтті, конференцияға қатысушылар сертификаттар марапатталды.
Конференция қатысушылары үшін таратпа - үлестірмелі материалдарымен қамтамасыз етіп, «МсМillan» баспасы конференцияның бас демеушісі болды.