Көптілділік – болашаққа бағдарланған жол

Көптілділік деген – объективті мәдени және экономикалық қажеттілік. Әлемдік қауымдастыққа кіріп жатқан біздің елімізде тілдерді үйреніп таратуға барынша қолайлы жағдайлар жасалуда. Қазіргі таңда тілдерді оқыту – білім беру жаңартудағы  басым бағыты болып танылып отыр. Елбасының Қазақстан халқына жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» деп айтылған. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңғырту қажеттіліктеріне сәйкес келетін заманауи білім беру жүйесі қажет.Тілдерді үйренуге деген қызығушылығын арттыру - біздің басты мақсатымыз. Көптілділік – болашаққа бағдарланған жол». «Үш тілді білім берудің мәселелері мен келешегі» тақырыпты баяндамасымен Осы сұрақтар мен мәселелерге «Өрлеу» педагогика қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың ұлттық орталығы» АҚ Филиалында өткен «Көптілді педагогты даярлау: жағдайы мен келешегі» атты дөңгелек үстел арналған болатын, сонда педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚМПИ шетел тілдер кафедрасының меңгерушісі Н.А.Соловьева сөз сөйлеген. Н.А.Соловьева өзінің сөз сөйлеуінде Қазақстанның мектептер мен жоғары білім орындарындағы үш тілді білім беруді енгізу қиыншылықтарының мәселесін қозғап, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында көптілді педагог кадрларының даярлануы туралы айтып, көптілді топтарға сабақ беру өзінің тәжірибесімен бөлісті.

25.10.17

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Көптілділік – болашаққа бағдарланған жол