Суицид себептері мен алдын алу шаралары
- Подробности
- Опубликовано: 27 октября 2017
Жастар ортасында жиілеп кеткен өзіне-өзі қол жұмсау жағдайларына байланысты 2017 жылғы 27 қазан күні сағат 12.30-да шетел тілдері кафедрасының тәлімгерлерімен өзіне-өзі қол жұмсаудың себептері мен олардың алдын алуға арналған іс-шарасы ұйымдастырылған болатын. «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1-курс студенттерімен кездесуге Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Қостанай облыстық орталығының психолог-маманы Инна Кокандова шақырылды. Іс-шара әңгімелесу түрінде өтті. Психолог студенттермен өзіне-өзі қол жұмсаудың себептерін талқылай отырып, күйзеліс жағдайларының алдын алуға бағытталған іс-шаралар қатарын атап өтті. Студенттер тақырыпты қызығушылықпен талқылап, өздерінің ой-пікірлерін айтып, өмірден алынған тағылымдарын айтып отырған.