Шығармашылық шеберхана әдісімен жұмыс
- Подробности
- Опубликовано: 02 ноября 2017
2017 жылы 2 қараша күні «Филологияны ғылыми зерттеу негіздері» пәнінен «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы 4 курс студенттеріне іскерлік ойын түрі ретінде (оқытушы – филология ғылымдарының кандидаты Пчелкина Т.Р.) сабақ өткізілді. Барлық қатысушылар өз рөлдерін алды: кафедра меңгерушісі, студент, ғылыми жетекші, рецензент, кітапхана жұмыскері, МАК хатшысы және т.б.
Ойын барысында дипломдық жұмысты дайындауда ғылыми жұмыстың негізгі алгоритмі бекітілді. Студенттер дипломдық жұмыстың тақырыбын тандаудан бастап, оның өзектілігін дәлелдеп, «Антиплагиат» жүйесіне тексеріп қорғауға шыққанға дейін өтіп шықты.
2 қараша күні «Авторлық ұстаным және оның 19-20 ғ. прозасында көріну тәсілі» пәнінен практикалық сабақ (оқытушы – филология ғылымдарының кандидаты Пчелкина Т.Р.) шығармашылық шеберхана технологиясын пайдаланып өткізілді. Сабақ барысында 3 проблемалық топқа бөлініп А.Куприн, И.Бунин, Л.Андреев прозасындағы авторлық ұстанымның көрінісінің ерекшелігі туралы қорытынды жасады.
Шығармашылық топпен жұмыс жазушы көзқарасының ерекшелігін, студенттердің аналитикалық жұмысқа қабілеттілігін, өз пікірін дәлелдей алатынын, аргумент іздей алатынын, студенттердің көркем шығарма мәтінімен жұмыс істей алатынын көрсетті.