2016 жылдың 16 ақпанында ҚМПИ акт залы көрермендерге және күлкіге толы болды. Бұл күні КТК орыс лигасының жартылай финалындаШТФ командасы ең үздік болып табылды. Бір-бірін бірден түсініп, жеңіске деген құштарлығы жоғары болуы, сценарийді жақсы құрастыра білу бұл ШТФ командасының ерекшелігі. Елемесов Дамир мен Баймуханбетова Асель үздік актерлер атанып көрермендердің қошеметіне бөленді.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ақпан айының 15 күні факультеттер арасында Жайдарман сайысы болып өтті. Жайдарманның жайдарлы көрермендеріне ең қызықты күнді тарту еткен көңілді тапқырлардың ойыны жоғары дәрежеде көрінді. Жайдарманға Қазақ және орыс филологиясы факультеті де атсалыса қатысты. Факультеттің ең талантты, көңілді 3 курс студенттері Таңатқанов Табиғат, Гусейнова Сабина және 2 курс студенттері Рахимжанова Диана, Бакиева Саида өз өнерлерін көрсетті.

Ақпан айының 12 күні Қостанай облысының қан орталығында жақсы шара болып өтті. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері бұл шараға өз еркілерімен барып, олардың қолдауларына мұқтаж жандарға көмек берді. Донор болу белгілі бір мөлшерде қан тапсыра салу емес! Өмірге құштар, ғашық жандардың үмітін оятып, оларға ерекше бақыт сыйлау.

Шетел тілдер факультетінің деканаты мен студенттері Жастар күнін тойлау қарсанында және де факультеттің туған күнін атап өтуде үйірмелер жұмыс істеп, репетициялар өткізіліп, үлкен дайындық жұмысы атқарылды. Мейрамның салтанатты бөлімі мен концерттік бағдарламасы 10 ақпанда өтті.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу туралы ұсыныс Халықаралық Шығыс-Жерортатеңізі университеті (Солтүстік Кипр) мен Анталияның халықаралық жазғы мектебінен түсті. 9 ақпанда ФМО шетел тілдері студентерінің (сондай-ақ «Туризм және «Құқық негіздері» мамандықтарының да студенттері шақырылды) жоғарыда аталған оқу орындарының тілдік бағдарламаларының өкілдерімен кездесуі болды.

2016 ж. 8 ақпанында «Қостанай қ. №1 емханасы» КММ психологы Е.С.Забудская «Еліктеуден болатын әдеттің алдын алу» тақырыбымен ШТФ 1 курс студенттеріне арналған тренинг өткізді. Студенттер түрлі жағдайға лайықталған ойындарға қатысып, тренинг барысында алған әсерлерімен бөлісті. Тренинг балалардың бір-бірін жақынырақ білуіне көмектесіп, олардың біріге түсулеріне ықпал етті.

Қыстың соңғы айы келгеннен кейін табиғаттың сұлулығы оянып, көз қуантатын уақыт жақындай түсті. Осыған орай 2016 ж. 5 ақпанында ШТФ деканаты әйелдердің шаш сәндеу үлгісі байқауын ұйымдастырып, оған шетел тілдері факультетінің қыздары белсенді қатысты.

05.02.2016 ж. қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының апталығы аясында «Сұлу сөз – көркем ойдың кемеңгері» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Байқауға 1-2 курс студенттері қатысты. Көркемсөз сайысы 3 номинация бойынша өткізілді: 1 –поэзия жанрында; 2 – проза жанрында; 3 – драма жанрында. Байқауға І. Омаров атындағы қазақ драма театрының актері, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдени қызметкері Ғабдол – Мәжит Иманов әділ қазы мүшесі болып қатысты.

2016 жылдың 04 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының апталығы ішінде «Ғылым жастар көзімен» атты онлайн-конференция өткізілді. Онлайн-конференцияға Қостанай қаласының С.Мәуленов атындағы гимназия қатысты. Онлайн конференцияның мақсаты: студенттер мен оқушылардың ғылыммен айналысуына, зерттеу жұмыстарын өз еркімен жүргізуіне, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауына бағыт-бағдар беріп, ғылыми зерттеулерінің нәтижесін көрсету.

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының апталығы аясында 03.02.2016 ж. сағат 10.30-да «Инновация – сапалы білім берудің негізі» тақырыбында коучинг өткізілді. Аталған коучингте қазақ тілі мен әдебиетінің магистрі, аға оқытушы Есенғазина Б.Б. «Диалогтық оқытуды» инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы көрсетіп, түсіндірді. Ф.ғ.к., доцент Бекбосынова А.Х. «Бағалау критерийлерін» жүйелік түрде түсіндіріп, көрсетті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті