ШТФ шаш сәні байқауы
- Подробности
- Опубликовано: 05 февраля 2016
Қыстың соңғы айы келгеннен кейін табиғаттың сұлулығы оянып, көз қуантатын уақыт жақындай түсті. Осыған орай 2016 ж. 5 ақпанында ШТФ деканаты әйелдердің шаш сәндеу үлгісі байқауын ұйымдастырып, оған шетел тілдері факультетінің қыздары белсенді қатысты. Шашының әдемілігін көрсеткісі келетін қыздардың көп болғандығы сонша, оларға жүлде тағайындау үшін қазылар алқасына біраз тер төгуге тура келді. Балдардың қорытынды саны бойынша бірінші орын студенттер Камила Латыпова мен Юлия Журавскаяға, екінші орын студенттер Салтанат Сәрсенбина мен Айжан Мінашеваға, үшінші орын студент Жұлдыз Жалмұханға, төртінші орын студенттер Дарья Алексеева мен Альбина Қоржынқұловаға берілді. Жеңімпаздарға сыйлық ретінде тәттілер табыс етілді.