Академиялық ұтқырлық бағдарламасына шақыру
- Подробности
- Опубликовано: 09 февраля 2016
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу туралы ұсыныс Халықаралық Шығыс-Жерортатеңізі университеті (Солтүстік Кипр) мен Анталияның халықаралық жазғы мектебінен түсті. 9 ақпанда ФМО шетел тілдері студентерінің (сондай-ақ «Туризм және «Құқық негіздері» мамандықтарының да студенттері шақырылды) жоғарыда аталған оқу орындарының тілдік бағдарламаларының өкілдерімен кездесуі болды. Шығыс-Жерортатеңізі университетінің бизнес және экономика факультетінің аға оқытушысы Әлімхан Файзуллаев бакалавриат пен магистратурада шетел тілдерін оқыту мақсатында жасалған академиялық бағдарламалар туралы көрсетілімді ұсынды. Анталия халықаралық жазғы мектебі білім беру бағдарламасының үйлестірушісі Камран Әлиев балаларды Жерорта теңізі жағалауында туристік демалумен қатар ағылшын тілін жеделдете оқыту мүмкіндігімен таныстырды. Келешекте ҚМПИ аталған мекемелермен бірлескен білім беру жұмысын жүргізу үшін халықаралық шарт жасасады деп күтілуде.