«Сұлу сөз – көркем ойдың кемеңгері»

05.02.201605.02.2016 ж. қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының апталығы аясында «Сұлу сөз – көркем ойдың кемеңгері» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Байқауға 1-2 курс студенттері қатысты. Көркемсөз сайысы 3 номинация бойынша өткізілді: 1 –поэзия жанрында; 2 – проза жанрында; 3 – драма жанрында. Байқауға І. Омаров атындағы қазақ драма театрының актері, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдени қызметкері Ғабдол – Мәжит Иманов әділ қазы мүшесі болып қатысты. Байқау нәтижесінде I орынды 1 курс студенті Нышанбай Тоғжан, II орындарды 1 курс студенті Рустемов Думан, 2 курс студенті Жанжігітов Сырым, III орындарды 2 курс студенттері Әуезханова Самал, Рамазанова Венера және 1 курс студенті Жарбосина Махаббат иеленді. Оқытушылар мен студенттер атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті «Сұлу сөз – көркем ойдың кемеңгері»