Өзгеге өмір сыйлау - үлкен бақыт!
- Подробности
- Опубликовано: 12 февраля 2016
Ақпан айының 12 күні Қостанай облысының қан орталығында жақсы шара болып өтті. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері бұл шараға өз еркілерімен барып, олардың қолдауларына мұқтаж жандарға көмек берді.
Донор болу белгілі бір мөлшерде қан тапсыра салу емес! Өмірге құштар, ғашық жандардың үмітін оятып, оларға ерекше бақыт сыйлау.
Қазақ және орыс филологиясы факультетінің студенттері де өзгеге өмір сыйлауға асықты. Әдебиет пен тіліміздің жанашырлары, мейірім мен ізгілікті бойларына сіңірген факультет студенттері үміт оты міне - міне сөнейін деп тұрған асыл жандарға жарық сәуле сыйлады. Өмір! Барлық адамдар бірлікте өмір сүретін үлкен шаңырақ іспеттес! Ендеше өмір атты бір шаңырақ астында бір - бірімізге көмектесіп, қамқорлық танытып ғұмыр кешейік! Он сегіз мың ғаламда өмір сүріп жатқан әрбір адам баласын мейірім көрсетіп, өзгеге өмір сыйлауға шақырамыз!