«Инновация – сапалы білім берудің негізі»
- Подробности
- Опубликовано: 03 февраля 2016
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының апталығы аясында 03.02.2016 ж. сағат 10.30-да «Инновация – сапалы білім берудің негізі» тақырыбында коучинг өткізілді. Аталған коучингте қазақ тілі мен әдебиетінің магистрі, аға оқытушы Есенғазина Б.Б. «Диалогтық оқытуды» инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы көрсетіп, түсіндірді. Ф.ғ.к., доцент Бекбосынова А.Х. «Бағалау критерийлерін» жүйелік түрде түсіндіріп, көрсетті. Сонымен қатар коучингке №9 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Скендирова Г.Б. қатысып, инновациялық технологияларды пайдалану арқылы «Салалас құрмалас сөйлем» тақырыбында сабақ өткізді. Коучинг қонағы ретінде «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы филиалының әдіскері Нурмухамбетова А.С., ҚМПИ оқу үрдісін жоспарлау және инновациялық даму бөлімінің бастығы Ищанова Р.С. қатысты.