ШТФ мейрамы

10.02.16Шетел тілдер факультетінің деканаты мен студенттері Жастар күнін тойлау қарсанында және де факультеттің туған күнін атап өтуде үйірмелер жұмыс істеп, репетициялар өткізіліп, үлкен дайындық жұмысы атқарылды. Мейрамның салтанатты бөлімі мен концерттік бағдарламасы 10 ақпанда өтті. Шақырылған қонақтар арасында ғылыми жұмыстар және шетелмен байланыс жөніндегі проректорыАбіл Е.А., әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі басқарманың бастығы Жакаева С.Ә. болды. Белсенді және оқуда озат студенттерді Жакаева С.Ә., Дорошок Е.Л., Кудрицкая М.И., Умарова А.Б. грамоталармен марапаттады. Концерттік бағдарламада Қазақстан туралы өлеңдер оқылып, студенттік өмірдегі қызықты оқиғалар, әндер ағылшын неміс, француз тілдерінде Рахимова А., Бейбитхан А., Әсембай М., Еркин К., Мостовая В., Кравцова А. орындады, бірінші курс студенттерінің орындауында би қойылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз