18 қаңтарда шетел тілдері факультетінде төрт апталық практика бойынша 3 курс студенттеріне конференция өткізілді. Практиканың басшылары Бурмагина Л.А. (орыс бөлімі) және Рахметова А.А. (қазақ бөлімі) презентация көрсетті, бұл презентацияның талаптарына сай кұжаттар, практиканың өткізілу талаптарын айта келе, басшылармен таныстырды.

Жыл сайын шет тілдер факультетінің студенттері ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысады. 2013- 2014 оқу жылдары 3 курс студенті Алдабергенова Дана бір семестр бойы Қазақ Әйелдер Педагогикалық Университетінде оқып, одан тек қана беспен және жана білімімен оралды. 2015- 2016 оқу жылдары 3 курс студенті Баймұхамбетова Әсел бір семестр бойы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетте білім алды. Институт қабырғасына қайтып оралған студент білім алудың жолдарын кеңейтетін академиялық ұшқырлық бағдарламасының тиімді қыр сырларымен бөлісті. Жарты жыл ішінде Әсел институттың қоғамдық өміріне белсене араласқан, халықаралық әдістемелік семинарда білім алып, жаңа да қызықты адардармен танысып,достасқан.

2016 жылдың қаңтар айының 11 - 15 күндері аралығында ҚМПИ оқытушылары мен қызметкерлері арасында спартакиада өтті. Аталған спартакиадаға қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары қатысты. Кафедра аға оқытушылары Ысқақова Ш.К. шашка сайысынан І орынды, Қанапина Б.Т. ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар аға оқытушы Ысқақова Ш.К шахмат сайысынан III орын алды. Факультет ұжымы шын жүректен құттықтайды!

2016 жылдың 8 қаңтарында Тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталағының аға оқытушылары Шолпанбава Ғазиза Әбуқызы мен Байменова Ботагөз Жұмғалиқызы «Білім жүйесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» атты әдістемелік семинарын өткізді. Семинар барысында Шолпанбава Ғазиза Әбуқызы мен Байменова Ботагөз Жұмғалиқызы «Өрлеу» бағдарламасы бойынша практикалық сабақта инновациялық әдістерді қолдану жайында айтып өтті. Семинарға шетел тілдері факультетінің деканы Дорошок Екатерина Леонидовна, кафедра меңгерушілері, оқытушылар қатысты.

2015 - ші жылдың аяқталар сәті таяу қалған шақ. Алда жаңа арман-тілек орындалатын жаңа жылды тойлау қуанышы тұр. Көшелер шыршасымен сәнді, өмір мәнді. Енді тек осы мереке барымызды салып дайындалу қалды. Біз де жыл сайын барлық отбасы тәрізді бірлесіп жаңа жылды тойлауды әдетке айналдырғанбыз. Яғни, «Филологтар жанұясы» болып жаңа жылдық кеш өткізу.

Қазақ және орыс филологиясы факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттері ҚжОФФ деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Есіркепова Кенжегүл Қабылғазықызын 2015 жылғы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын иеленуімен шын жүректен құттықтайды. Ұлттық руханиятымыздың өзегі – қазақ тілі мен әдебиетін меңгерту, жас ұрпаққа тағылымды тәрбие беру жолындағы ұстаздық қызметінің жемісті әрі жеңісті болуын тілейміз. ҚжОФФ профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттері

Барлығына мәлім біздің факултетте оқитын студенттердің бірінші шет тілі неміс тілі болып табылады.Өкінішке орай ондай студенттер аз,бірақ олар өте тату.Олардың бірлігін Германияда 25-26 желтоқсанда тойланатын Рождествоға арналған мерекеде байқауға болады.Бұл немістердің сүйікті мерекесінің бірі.Салтанатты іс-шара алдыңғы жылы өтті.Бұған неміс топтарының 2,3 және 4 курс,сонымен қатар бұл жылы оларға 2-ші тілде оқитын студенттер қосылды.Біздің кешіміздің арнайы қонақтары Дощанова Б.М, Бурмагина Л.А неміс тілінің мұғалімдері Исмагулова Г.К , Рахметова А.А.Іс -шара жүргізушілердің құттықтауымен және Санта Клаустың келуімен басталды.Студенттер Санта Клаусты неміс тілінде білді.Сайыстар өткізіп,сыйлықтар берді.

2015 жылдың 22 желтоқсанында институт жатақханасында Жаңа жылға арналған мерекелік іс – шара өтті. Кештің басты мақсаты – Жаңа жылдық көңіл – күй сыйлау. Жаңа жылдық кеш болғандықтан, Аяз ата да, Ақшақар да болды. Кештің ұйымдастырушы – 3 курс студенті Өміртай Есбол. Әр түрлі сайыстар мен ойындар өткізіліп, көрермен көзайымына айналып, жеңімпаз атанғандар сыйлықтармен марапатталды. Кеш соңында студенттер би билеп, ән айтып біраз демалып қалды.

2015 жылдың 9 желтоқсанында жыл сайын өтетін факультет аралық студенттердің «Менің Қазақстаным» атты көркемөнерпаздар байқауы өтті. Бұл сайыста тамсандырған ән де, мың бұралған би де болды. Факультетіміздің қыздары «би» кезеңінде қазақша бимен бастап, кейін батырлар биімен өрбітіп, көрермендерді тәнті еткен болатын.

2015 жылдың 9 желтоқсанында қалалық Н.А. Островский кітапханасында Қазақстан Республикасы тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тарихы-ел тарихы» атты іс-шара өтті. Бұл іс-шарада ҚМПИ-дің шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Данилова В.В. шақырылған қонақ ретінде сөз алды. Оқытушы үш тілде қазақ, ағылшын және неміс тілінде өлең оқыды.Келген қонақтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.Астана қаласы мен кітапхана арасындағы телекөпір ретінде бұл іс-шара республикалық деңгейде болды. Бұл іс-шарада барлық қойылған қойылымдар тақырыпқа сәйкес болды. Қонақтар естелік сыйлықтармен, қазақ жазушыларының қазіргі кітаптарымен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті