Жетім көрсең, жебей жүр
- Подробности
- Опубликовано: 30 декабря 2015
2015 - ші жылдың аяқталар сәті таяу қалған шақ. Алда жаңа арман-тілек орындалатын жаңа жылды тойлау қуанышы тұр. Көшелер шыршасымен сәнді, өмір мәнді. Енді тек осы мереке барымызды салып дайындалу қалды. Біз де жыл сайын барлық отбасы тәрізді бірлесіп жаңа жылды тойлауды әдетке айналдырғанбыз. Яғни, «Филологтар жанұясы» болып жаңа жылдық кеш өткізу. Әйтсе де, біз бұл жылы осы мерекені өзіміз үшін емес, жастайынан тас жүрек жандардың адамға тән емес қателіктерінің кесірінен еш жазықсыз тасталынған қорғансыз сәбилер үшін бастауды жөн көрдік... Және бұл ойдың келгеніне шексіз қуаныштымыз.
Жетімін жылатпаған ата-бабамыз «Жетім көрсең, жебей жүр» деп тегін айтпаса керек. Міне, сол мақсатпен ата жолын ұстануға тырысатын нағыз қазақтың ұрпақтары қазақ және орыс филологиясы факультеті болып «Қостанай обылыстық балалар үйіне» жаңа жылдық іс-шарамен барып қайттық. Мақсат айқын! Әрине, ол мейірімге зәру балалардың көңілін тауып бір серпілтіп қайту. Алдыңдағы көздері мөлдір әрі мұңды балалардың езуінен күлкі көргенде, төбеміз көкке жетті.