Weihnachten мейрамы шет тілдер факультетінде

weinachtenБарлығына мәлім біздің факултетте оқитын студенттердің бірінші шет тілі неміс тілі болып табылады.Өкінішке орай ондай студенттер аз,бірақ олар өте тату.Олардың бірлігін Германияда 25-26 желтоқсанда тойланатын Рождествоға арналған мерекеде байқауға болады.Бұл немістердің сүйікті мерекесінің бірі.Салтанатты іс-шара алдыңғы жылы өтті.Бұған неміс топтарының 2,3 және 4 курс,сонымен қатар бұл жылы оларға 2-ші тілде оқитын студенттер қосылды.Біздің кешіміздің арнайы қонақтары Дощанова Б.М, Бурмагина Л.А неміс тілінің мұғалімдері Исмагулова Г.К , Рахметова А.А.Іс -шара жүргізушілердің құттықтауымен және Санта Клаустың келуімен басталды.Студенттер Санта Клаусты неміс тілінде білді.Сайыстар өткізіп,сыйлықтар берді.weinachtenКонцертте студенттер тек неміс тілінде сөйлегендерін байқамауға болмайды.Сонымен қатар әр топ өздері концерт дайындады.Бірінші болып 2 курс студенттері Jingle Bells әнімен қызықты номер көрсетті.Ал 3 және 4 курс студенттері ата-ананы сыйлап,Рождество мерекесін әрқашан бірге өткізу туралы қызықты бейнеролик көрсетті.Одан бөлек олар 4 жыл бойындағы Рождестводағы мұғалімдермен түскен суреттерден слайд дайындады.Жүргізушілер "Влочка" деп аталатын қызықты сайыс өткізгені есімде қалды.Студенттер қолындағы заттардан бір адамнан басқа яғни шырша сияқты киіндіру керек болды."Угадай рождественскую мелодию" сайысын студенттер өткізгені өте қызық болды.Сонымен қатар "Лучшего новогоднего стола" деген сайыс яғни әр топ өздері керемет дастархан жайды.Жүргізушілер йс-шараны барлық қатысушыларға сыйлық берумен аяқтады.Оларға өздерінің мұғалімдерінен мақтау есіту өте жағымды болды.Рождествоны тойлау әр жылдағы сияқты жоғары дәрежеде өтті.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Weihnachten мейрамы шет тілдер факультетінде