Қазақстан Республикасы тәуелсіздік күніне орай қалалық Н.А.Островский кітапханасында тәуелсіздік күні тойланды
- Подробности
- Опубликовано: 09 декабря 2015
2015 жылдың 9 желтоқсанында қалалық Н.А. Островский кітапханасында Қазақстан Республикасы тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тарихы-ел тарихы» атты іс-шара өтті. Бұл іс-шарада ҚМПИ-дің шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Данилова В.В. шақырылған қонақ ретінде сөз алды. Оқытушы үш тілде қазақ, ағылшын және неміс тілінде өлең оқыды.Келген қонақтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.Астана қаласы мен кітапхана арасындағы телекөпір ретінде бұл іс-шара республикалық деңгейде болды. Бұл іс-шарада барлық қойылған қойылымдар тақырыпқа сәйкес болды. Қонақтар естелік сыйлықтармен, қазақ жазушыларының қазіргі кітаптарымен және мақтау қағаздарымен марапатталды.