Практика бойынша конференция
- Подробности
- Опубликовано: 18 января 2016
18 қаңтарда шетел тілдері факультетінде төрт апталық практика бойынша 3 курс студенттеріне конференция өткізілді. Практиканың басшылары Бурмагина Л.А. (орыс бөлімі) және Рахметова А.А. (қазақ бөлімі) презентация көрсетті, бұл презентацияның талаптарына сай кұжаттар, практиканың өткізілу талаптарын айта келе, басшылармен таныстырды. Декан Е. Л. Дорошок студенттерді практика кезінде инновациялық, ақпараттық, интерактивтік технологияны қолдануға шақырды,сонымен қатар оқытуда көрнекі материалдарды дұрыс пайдалану керектігін айтты. Кафедраның меңгерушісі М. И.Кудрицкая қойылған сұрақтар бойынша студенттерге кеңес берді.