Екі номинацияны, әрі бірінші орынды қанжығаға байлаған сайыс
- Подробности
- Опубликовано: 09 декабря 2015
2015 жылдың 9 желтоқсанында жыл сайын өтетін факультет аралық студенттердің «Менің Қазақстаным» атты көркемөнерпаздар байқауы өтті. Бұл сайыста тамсандырған ән де, мың бұралған би де болды. Факультетіміздің қыздары «би» кезеңінде қазақша бимен бастап, кейін батырлар биімен өрбітіп, көрермендерді тәнті еткен болатын. Оригиналды жанр кезеңінде де біздің студенттер пантомимика жанрын негізге алып өнер көрсеткен болатын. Бұл сайыста факультетіміз екі номинацияны қанжығаға байлады. Бірінші номинация – «Ең үздік оркестр». Оркестр өнерінің өрге жүзуіне 3 курс студенті Намиялы Жасұлан үлес қосқан болатын. Және екінші номинация «Ең үздік көркемсөз». Ережеге сай, «Атамекен» әні орындалды. Сайысқа Таңатқанов Табиғат, Өміртай Есбол, Еркебұланова Адина, Сырым Жанжігітов, Гүлдана Бұхарбаева сынды студенттеріміз барынша ат салысты. Нәтижесінде факультіміз бірінші орынды қанжығасына байлады.