«Ғылым жастар көзімен»

04.02.162016 жылдың 04 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының апталығы ішінде «Ғылым жастар көзімен» атты онлайн-конференция өткізілді. Онлайн-конференцияға Қостанай қаласының С.Мәуленов атындағы гимназия қатысты.
Онлайн конференцияның мақсаты: студенттер мен оқушылардың ғылыммен айналысуына, зерттеу жұмыстарын өз еркімен жүргізуіне, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауына бағыт-бағдар беріп, ғылыми зерттеулерінің нәтижесін көрсету.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен өткен онлайн-конференцияға қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылар құрамы, 2-3 курс студенттері сонымен қатар бізбен онлайн түрінде конференцияға Кушмурзин Бекежан Көшмырзаұлы басшылық жасап отырған Қостанай қаласының С.Мәуленов атындағы гимназия және мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Мукашева Бизада Жақсылыққызы, Муртазина Алиман, Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Шауменова Эльмира Сапарқызы, сонымен қатар 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Онлайн - конференция барысында студенттер мен оқушылар өздерінің зерттеп жүрген ғылыми жұмыстары бойынша баяндама жасап, баяндама негізінде жалпы ғылым туралы сұрақтар қойылып пікірлерімен алмасты.
Оқу-әдістемелік апталық барысында өткен студенттік онлайн-конференцияның барлық қатысушыларына салтанатты түрде алғыс хаттар тапсырылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз