Көңілді тапқырлар биік шыңнан көрінді!

16.02.15Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ақпан айының 15 күні факультеттер арасында Жайдарман сайысы болып өтті. Жайдарманның жайдарлы көрермендеріне ең қызықты күнді тарту еткен көңілді тапқырлардың ойыны жоғары дәрежеде көрінді. Жайдарманға Қазақ және орыс филологиясы факультеті де атсалыса қатысты. Факультеттің ең талантты, көңілді 3 курс студенттері Таңатқанов Табиғат, Гусейнова Сабина және 2 курс студенттері Рахимжанова Диана, Бакиева Саида өз өнерлерін көрсетті.
Институттың барлық факультеттерінің ішінен екі факультет оза шауып, өреге жетті. Жоғарғы ұпай жинаған командалардың бірі Қазақ және орыс факультетінің студенттерінен құралған команда болды.
Тапқыр да дарынды студенттерімізге болашақта шығармашылық табыс, алдағы ойындарда тек қана жеңіске жетулерін тілейміз!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Көңілді тапқырлар биік шыңнан көрінді!