Латын әліпбиіне көшу - заман талабы
- Подробности
- Опубликовано: 25 сентября 2017
Филолгия факультетінде 25 қыркүйек күні сағат 15:00 де «Латын әліпбиіне көшу - заман талабы» атты ғылыми конференция өтті. Конференцияға Тілдерді дамыту орталығынан арнайы өкіл келіп қатысты. Факультет оқытушылары мен студенттері өздерінің латын әліпбиіне көшу турасындағы өз мақалаларымен бөлісті. Латын әліпбиіне көшу еліміздің білім жүйесіне қаншалықты оң әсерін тигізетіндегі және басқа да ерекшеліктері туралы сөз қозғалды, студенттер өздерін ойландырған сұрақтарды ортаға салып талқылады.
Жиынның алғы сөзін филология факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент Есіркепова Кенжегүл Қабылғазықызы сөйледі. Латынға ауысудың түбі бір түркі әлемімен рухани бірлесу, әлемге ашықтық, ақпарат кеңістігіндегі еркіндік, жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерден арылу сияқты артықшылықтары еліміздің дамуына оң өзгерістер әкелері турасында ф.ғ.к., жаңа әліпбиге көшу үлкен жұмыстар жөнінде гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Ысқақова Шырай Қабдырахманқызы пікірімен бөлісті. Қолдаушы тараптың атынан тілдік және коммуникативтік нормаларға сай, кемшін тұстары аз әліпбидің қабылдануына үн қосу мақсатын облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Олжабаева Айгүл Ғазезқызы түсіндіріп берді.Соңында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенттері Дарганбекова Гүлімай, Шамитдинов Азиз, Серігхан Айман, Әлкеева Айғаным сөз сөйледі.