Қазақстан халықтарының тілдер күні
- Подробности
- Опубликовано: 22 сентября 2017
2017 жылдың 22 қыркүйегінде тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталығының аға-оқытушылары Ловцова Д.П., Плохотенко В.Н мен Сержан-Абдрахманова Ш.К. Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған іс-шараны өткізді. Қазақстан халықтарының тілдер күнін атау барысында тілдер дайындығының оқу-тәрбие орталығы ұлтаралық рухани бірлікті нығайтуды және қазақ тіліне деген қызушылықты, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті арттыруды мақсат етті. Іс-шара барысында студенттерге Қазақстанда үштілділік маңыздылығы жеткізілді. Аталған іс-шараға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының филология, дене шынықтыру, спорт және туризм, психология және педагогика, әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-математика факультеттерінің студенттері белсенді қатысып, Қазақстан халықтарының тілдеріне арналған шығармалар оқып, өнерлерін көрсетті.