Қазақ әліпбиін латын графикасы негізінде енгізу
- Подробности
- Опубликовано: 14 декабря 2017
2017 жылдың 14 желтоқсанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Филология факультетінің ұйымдастыруымен «Қостанай облысы білім беру ұйымдарында қазақ әліпбиін латын графикасы негізінде енгізудің ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмыстары» атты аймақтық дөңгелек үстел өткізілді.
Аймақтық дөңгелек үстелдің мақсаты - «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірімізді ортаға салу, болашақта латын графикасын кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асырудағы жоспарларымен бөлісу.
Аймақтық дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары, 3 курс студенттері және «Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» ММ басшысының орынбасары Бимағамбетов К.Ә., «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Талапова Г.М., А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ практикалық лингвистика кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Журсналина Г.Қ., Қостанай гуманитарлық колледжі мен Қостанай педагогикалық колледжі, қала мектептерінің мектеп директорлары және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.
Олар латын әліпбиінің қазақ тілін дамытудағы маңызы мен өзектілігі жайлы өз ой-пікірлерін ортаға салып, жалпы латын графикасы туралы жоспар, ұсыныстарымен бөлісті
Ұсынылған сұрақтар төңірегінде өз пікірлерін ортаға салды. Жалпы, аймақтық дөңгелек үстелге қатысқан тіл жанашырлары мен тіл мамандары, болашақ мұғалімдер яғни студенттердің барлығы латын әліпбиіне көшу мәселесінің өзектілігіне мән бере сөйлеп, қолдайтындықтарын білдірді.