Филология факультетінде ҚР Президентінің Жолдауын талқылау аясында іс-шаралар өткізілді

Қантардың 19 жұлдызында «Русский язык и литература» мамандығының 1-курс студеннтері арасында зияткерлік ойын өткізілді. Студенттер куратормен бірге президент жолдауының мәтінің талдап, әлеуметтік саясат, білім беру, тілдер, денсаулық қорғауға байланысты аспектілеріне көз жеткізіп, өткен жылдар табыстарын ерекше атап көрсетті. Кейін жолдау мәтінің мәнің ұғып түсінуіне байланысты интелектуалды ойын өткізіліді. Кураторлық сағат қызықты өтті, жұмыс табысты болды.

-

Қабырғасында қаңтардың 20 күні филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1- курс студенттері мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы «Қазақстанның Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуы» атты жолдауды талқылау үшін кураторлық сағат өткізді. Жолдауды талқылау барысында бірнеше баяндамалар анық түсіндіріліп өтті. Ол баяндамалар: Мадина Нағашыбаева «Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысы», Нүкішева Гүлсайран «Елбасы атап көрсеткен артықшылықтар», Әбілда Ұлман «Президенттің халыққа жолдауындағы түйіндемелер». Елбасы жолдауының тоғызыншы міндеті - «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» тақырыбы аясында 11-топ кураторы Шошақова Жанар Қарасынқызы сөз сөйледі. Бұл іс-шара студенттердің патриоттық сезімдерін қалыптастыруға ықпал етті. Жүрегімізге ұлттық рухты құятын жиналыстың көп септігі тигені сөзсіз. Жолдауда көрстеліген әр басымдықтарды келешек жастар болашақта жүзеге асырады деген сенімдеміз.

«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын 1 курс студенттері және эдвайзер Батырғалиева А.С. ұйымдастыруымен 22 қаңтар сағат 14:30 509 аудиторияда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау мақсатында кураторлық сағат өткізілді.

Дәрменбаева Гүлназ Президентіміз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы он міндетін нақтылап, презентация жасаса, Ахметова Жібек жетінші міндетті талқылады. Әсіресе, жетінші міндет – Адами капитал – жаңғыру негізі студенттер тарапынан қызу талқыға түсті. Онда білім берудің жаңа сапасы, білім саласындағы өзгерістер мен жаңалықтар, «Рухани жаңғырудың» мән – маңызы жайлы сөз етілді. Барлық студенттер кураторлық сағатқа белсенді қатысып, өзара пікір алмасты.

Филология факультетінің топ кураторлары Сейсембай Г.А., Алиева Д.А. 2018 жылдың 23 қаңтарында «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Қазақ тіліндегі оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 2 курс студенттерімен «Елбасы Жолдауы – болашақ бағдары» кураторлық сағат өткізіп, ҚР Президентінің 2018 жылдың 10 қаңтарында жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын студенттермен бірге талқылады. Кураторлық сағаттың негізгі мақсаты: студенттерді Жолдаумен таныстыру, оның негізгі бағыттарын талдау, білім саласына қатысты қойылған нақты міндеттермен танысу және талқылау.

2 курс студенттері Хакимова С., Жараспаева А., Султанова А. баяндама жасап, жолдаудың негізгі бағыттарымен таныстырды. Талқылау барысында Елбасы жолдауының жетінші міндетіне баса назар аударылды. Топ студенттері Жолдауға қатысты өз пікірлерін білдіріп, белсенді талқылады. Сонымен қатар, Сұлтан Қ., Ихсан Д. тақырыпқа сәйкес өз өлеңдерін оқыды.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Филология факультетінде ҚР Президентінің Жолдауын талқылау аясында іс-шаралар өткізілді